Ақмола облысында гид-экскурсоводтарды даярлау күшейтілуде
Ақмола облысында өңірлік туризм басқармасы ұйымдастырған гид-экскурсоводтарға арналған екі күндік оқыту семинары өтті. Іс-шара облыстың түкпір-түкпірінен келген мамандарды біріктіріп, кәсіби біліктілікті арттыру мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.
Семинар аясында қатысушылар мамандықтың негізгі дағдыларын талқылады: экскурсияны тартымды әрі сауатты құру, орынның ерекшелігін сезіну, аудиториямен жұмыс істеу және сапалы туристік өнім қалыптастыру. Практикалық бөлімге және қатысушылар арасындағы ашық диалогқа ерекше назар аударылды.
Экскурсоводтар — өңірдің тарихы, мәдениеті мен бірегейлігінің басты жеткізушілері. Қонақтардың Ақмола облысын қалай қабылдайтыны тікелей олардың білімі мен ұсынуына байланысты. Осыған орай, туризм басқармасы тарихи мұраны сақтау және оны шынайы,


